Чемпиондар лигасындағы команда 11-ші ойын қатарынан ұтылды

©xsport.ua

Биылғы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бақ сынап жүрген Германияның "Унион Берлин" командасы 11-ші ойын қатарынан жеңіске жете алмай келеді. 

Команда кеше Германия кубогының 1/16 финалында "Штутгарт" клубынан ұтылды. Осылайша, әртүрлі турнирлерді қоса алғанда, 11-ші ойын қатарынан жеңіліс тапты. 

"Унион" өткен маусымда бундеслигада 4-орын алған. Ал биыл 18 команда ішінде 15-орында келеді. Ал Чемпиондар лигасындағы үш ойында да ұтылып, "С" тобында көш соңында тұр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар