auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Баварияның" бас бапкері футболшыларға смартфон қолдануға тиым салып, ойыншыларға тағы бірнеше талап қойды

Ойыншылар өздері шешіну бөлмесін тазалайды.

"Баварияның" бас бапкері футболшыларға смартфон қолдануға тиым салып, ойыншыларға тағы бірнеше талап қойды
© Imago
Мюнхендік "Бавария" клубының жаңа бапкері Юпп Хайнкес команда ойыншылары үшін жаңа ережелер енгізді, - деп хабарлайды Sport Bild.

2012/2013 жылғы маусымда бапкер осы ережелерді қолданған, ол кезде "Бавария" Германия чемпионы атанып, Ел кубогымен Чемпиондар лигасын жеңіп алған еді. 

Смартфонға тыйым салу. Анчелоттидің кезінде ойыншылар телефондарды еркін қолданатын. Енді мұндай мүмкіндік жоқ. 

Ұқыптылық. Бұрындары ойыншының кешіккені үшін жаза қатаң емес еді. Хайнкес бұған қатты назар аударады және бірін-бірі сыйлауды айтады. 

Тазалық. Ойыншылар өздері шешіну бөлмесін тазалайды. Жұмыс орны бұрынғыға қарағанда әлде қайда жинақы. 

Сыпайылық. Адамның қандай қызметте болғаны маңызды емес, ол тазалаушы болсын,күзетші не кеңсе қызметкері болсын: барлық персоналмен теңдей қарым-қатынаста болу керек. 

Топтасуға жол жоқ. Хайнкес бұрындары да командадағы ойыншылардың топтасуға жол бермейтінін айтқан. Әрине бір тілде сөйлейтін ойыншылар басқалармен қарағанда көбірек сөйлеседі. Хайнкес үшін ең бастысы команданың бірге болуы. 

Тамақтану. Жаттығудан кейін бірге тамақтану енді міндеттеледі. Анчелоттидің күйеу баласы енгізген фитнес-батондар алынып тасталды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар