Юлия Галышева әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды
Қытайдың Тайву қаласында фристайл-могулдан әлем кубогының екінші кезеңі басталды. Аталған сында қазақстандық Юлия Галышева күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Olympic.kz.
Қытайдың Тайву қаласында фристайл-могулдан әлем кубогының екінші кезеңі басталды. Аталған сында қазақстандық Юлия Галышева күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Olympic.kz.
Галышева 79,8 ұпай жинап, әлем кубогының күмісін еншіледі. Ол Олимпиада чемпионы Перрин Лаффоннан (81,4) оза алмады. Үздік үштікке канадалық Жюстин Дюфур-Лапуант енген.
Ерлер арасында қазақстандық Дмитрий Рейхерд 6-орыннан көрінді. Бәсекеде жапониялық Икума Хоришима (86,9) жеңіске жетсе, канадалық Микаэл Кингсбери (86,3) күміске қол жеткізді. Қола медальді франциялық Бенжамен Каве (83,3) иеленді.
Жарнама