Фристайл
Бүгін 16:27

Қазақстандық могулшы Францияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды

©СДД

Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан Францияның Тинь қаласында өткен халықаралық турнирде төрт медаль еншіледі.

Ұлттық құраманың қоржынында екі алтын және екі қола жүлде бар.

Әйелдер арасындағы сайыста Анастасия Городко екі мәрте жеңіс тұғырынан көрінді.

Ал Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев қола жүлдеге ие болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport