Лэйк-Плэсидте (АҚШ) фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезеңі аяқталды.
Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Асылхан Асан үздік ондыққа еніп, оныншы орынға тұрақтады. Роман Иванов 11-орынды иеленді.
Дінмұхамед Райымқұлов 14-ші, Шерзод Хаширбаев 23-ші, ал Ұланбәкір Өмірзақов 31-ші орынға тұрақтады.