Лэйк-Плэсидте (АҚШ) фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталды.
Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысып, алғашқы күні жекелей сайыста өнер көрсетті.
Ерлер арасында Шерзод Хаширбаев 17-орынға табан тіреді. Роман Иванов 25-орынды иеленсе, Асылхан Асан - 27, Ұланбәкір Өмірзақов - 30, Дінмұхамед Райымқұлов 33-орынмен жарысты аяқтады.
Әйелдер арасында Аяна Жолдас тіркелгенімен, жарысқа қатысқан жоқ.
Әлем кубогы кезеңінің екінші жарыс күні 13 қаңтарға қараған түні өтеді.