Жанбота Алдабергенова Еуропа кубогінде топ жарды

©olympic

Фристайл-акробатикадан Финляндияның Рука қаласында өткен Еуропа кубогінде қазақстандық Жанбота Алдабергенова жеңіске жетті. 

Отандасымыз 83,47 ұпай еншілеп, алтын жүлдегер атанды. Күмісті канадалық Александра Монтмини, қоланы америкалық Амелиа Глоговски еншіледі.

Жарыста Жанботадан өзге бақ сынаған отандастарымыз Ардана Маханова – 10, Аделина Өмірзақова 13-орын иеленді. 

Айта кетелік, бұған дейін Жанбота Еуропа кубогінде күміс медаль иеленген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар