auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Фристайлдан әлем кубогының финалдық кезеңі Қазақстанда өтеді

Елімізде бұл жарыс алғаш рет ұйымдастырылмақ.

Фристайлдан әлем кубогының финалдық кезеңі Қазақстанда өтеді
Reuters©
Фристайлдың могул сайысы бойынша 2018/19 жылғы маусымдағы әлем кубогының финалдық кезеңі Алматыда өтеді. Елімізде бұл жарыс алғаш рет ұйымдастырылмақ, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Коста Наваринода (Грекия) Халықаралық шаңғы жарыстары федерациясының (FIS) кезекті конгресі өтіп, 2018/19 жылғы маусымның күнтізбесі бекітілді. Алматыда могулден ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстың соңғы кезеңі өтетін болды.

Әлемнің ең үздік спортшылары Шымбұлақ тау-шаңғы курорты аумағында сынға түсетін болады. Жекелей жарыс 2019 жылдың 2 наурызында өтсе, жұптық сайыс 3 наурызға жоспарланған. Жарыс қорытындысы бойынша маусымда ең үздік нәтиже көрсеткен спортшылар марапатталатын болады.

- Мұндай жарыстың елімізде өтуі – спортымызға зор серпін береріне сенемін. Өз жерімізде әлем кубогын өткізу үшін көп жұмыстар атқарылары да сөзсіз.

Универсиададан кейін біз есте қаларлық ерекше жарыстар ұйымдастыра алатынымызға сенемін.

Мені тағы бір қуантатыны, көптеген шетелдіктер Қазақстанды гаджеттерден емес, өз көзімен көретін болады. Көпшілігі жарысқа қатысу үшін ғана емес, біздің елді көру үшін келетіні де анық. Универсиададан кейін елімізді көруге асығатын шетелдіктер саны артты.

Могулдан әлем кубогының бұл кезеңіне кіл мықты спортышлар келетін болады. Себебі бұл жарыстың бір кезеңі емес, финалдық бәсекесі. Мұнда ең мықты спортшылар хрусталь глобусты иелену үшін күш салатын болады. Ал ол марапат маусымның үздік спортшысына беріледі. Ауа райының тамаша болуын тілейміз, - деді Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева.

Сондай-ақ могулдан финалға дейінгі өзге кезеңдері Финляндияның Руке, қытайдың Тайву, канаданың Калгари мен Тремблан, АҚШ-тың Лэйк-Плэсид, жапонияның Тазавако қаларында өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, биыл қазақстандық Дмитрий Рейхерд могулдан әлем кубогында екінші орын алған болатын. Ал Юлия Галышева алтыншы орынмен маусымды аяқтаған еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар