Фристайл
Бүгін 13:13

Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогі кезеңінде қазақстандықтар орынсыз қалды

©ҚР ҰОК

Фристайл-акробатикадан Қазақстанның ерлер құрамасы Финляндияның Рука қаласындағы Еуропа кубогі кезеңіндегі өнерін аяқтады.

Жарыстың екінші күні ел намысын үш спортшымыз қорғады.

Нәтижесінде Роман Погосян 11-орынға ие болды. Максим Попов жарысты 16-орында аяқтаса, Әмірлан Кәрімбаев 17-орыннан көрінді.

Жеңіс канадалық Габриэль Дионға бұйырды. Екінші орынды Канада өкілі Эллиот Премье иеленді. Ал қола жүлдені Швейцария спортшысы Андрин Лабер жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport