Қазақстандық спортшы Анастасия Городко жасөспірімдер арасында Италияда өтіп жатқан әлем чемпионатында фристайл-могулдан әлем чемпионы атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
16 жастағы отандасымыз америкалық Элизабет Лемле мен Элли Макугамен алтынға таласты. Сөйтіп ол 360 ұпай жинап, топ жарды.
Еске салайық, Городко осыған дейін әлем біріншілігінде екі күміс жүлде жеңген болатын.
Айта кетейік, 16 жастағы отандасымыз биыл Бейжіңде бірінші мәрте Олимпиадаға да қатысқан еді.