Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрқожа Қайпанов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына өте алмады.
74 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Нұрқожа ирандық Юнес Эмамичогаеиге есе жіберді.
Белдесу 6:5 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Осылайша, Қайпанов енді қола жүлде үшін күресетін болады.
Жарнама