RhPdc0yXzqxU6JaVq4UMFZTyFnIZEQE5lpynKWD6
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Нұрислам Санаев Олимпиадада қарсыласын неге тістегенін айтып берді

Нұрислам Санаев Олимпиадада қарсыласын неге тістегенін айтып берді
©olympic.kz

Еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, спорттық мансабындағы басты бәсекеден алған әсерін бөлісті. Балуанның айтуынша, ол Токиода жеңіс үшін бар күшін салған. Алайда, жартылай финалдағы басымдықты сақтай алмағаны әлі күнге дейін өзекті өртейтіні рас. Жеті жыл бұрын Қазақстан командасына қабылданып, өзінің спорттағы ең үздік нәтижелеріне қол жеткізген Санаев Токио жүлдесіне апарар жолдың оңай болмағанын айтады. 

"Әр спортшы үшін Олимпиада жүлдесі ең биік шың саналады. Алтын алған спортшыда, тіпті, арман жоқ шығар. Менің де ең ізгі арманым – Токиодан алтынмен оралу еді. Бірақ еншімізге қола жазылыпты, бұған да тәубе. Жартылай финалдағы жеңіліс туралы әлі де ойлаймын. Рави Кумар физикалық және функционалдық тұрғыдан өте мықты балуан. Олимпиадаға дейін де оны жеңу мүмкін болмаған. Екі рет кездесіп, екеуінде де есе жібергенмін. Бірақ Олимпиадада мені финалдан санаулы ұпай ғана бөліп тұрды. Өзімнің оң жамбасыма келетін әдісіме салып, 9:2 ұпайымен ұтып тұрдым. Бірақ белдесу біткенге дейін жеңіс қолымнан сусып кетті. Жауырыным жерге тиді, амал жоқ. Финалға бір қадам қалғанда бұлай ұтылу өкінішті", - дейді Нұрислам. 

Олимпиаданың екінші айналымында Санаев 2017 жылғы әлем чемпионы, Рио ойындарының жүлдегері, жапондық Юка Такахашиді ұтты. Бұл белдесу де қазақстандық балуанға оңай соққан жоқ.

"Жапондық балуан көп күшімді алып кетті. Өзі әлем үздіктерінің бірі, оның үстіне, Олимпиада соның елінде өтіп жатыр. Сондықтан, психологиялық тұрғыдан қысым болды. Бұған дейін де Такахашиден ірі есеппен ұтылған едім. Токиода есемді қайтарғандай болдым. Оның үстіне, бұл жеңіс сенімділік сыйлады. Бұл да менің ең үлкен жеңістерімнің бірі болатыны анық", - дейді балуан. 

Жартылай финалдық кездесуде Нұрислам қарсыласы Рави Кумарды тістеп алғанын көпшілік жанкүйер байқады. Балуан өзінің мұндай әрекетке барғанын дене қызуы тарқап, кілемнен түскен соң ғана біледі.

"Кумарды әдейі тістеген жоқпын. Мүмкін, жеңіліп жатқанда қалайда ұтамын деген оймен автоматты түрде жасалған шығар. Дәл сол кезде тістегенімді сезген де жоқпын. Тек кілемнен түскен соң ойландым. Суреттерді көрдім. Дереу қарсыласымнан кешірім сұрадым. Әрине, күрес ережесінде қарсыласты тістеуге болмайды. Менікі ағаттық. Кілемдегі қызумен үнді балуанын қалай тістеп алғанымды да білмей қалдым", - дейді ол. 

Әңгіме барысында Нұрислам Қазақстанға алғаш келген кездерін еске алып, Ресейде үздік ондыққа да ене алмағанын ашып айтты. 

"Қазақстанға 23 жасымда, 2014 жылы ауыстым. Мұнда келгенде айтарлықтай жақсы нәтижем болған жоқ. Өйткені, Ресейде алғашқы ондыққа да енбеген едім. Менің кәсіби шеберлігім Қазақстанға келген соң арта түсті. Бірақ тырнақалды табысымды төрт жыл күтуге тура келді. 2018 жылы алғаш рет Азия чемпионы атандым. Кейін әлем чемпионаттарынан екі рет жүлде алдым. Осы аралықта Рио Олимпиадасына қатысқанымды да күрес жанкүйерлері жақсы біледі. Бес жыл бұрынғы сәтсіздік маған үлкен сабақ болды. Дереу өзімді қолға алып, Токиода қалайда нәтиже шығарам деп ойладым. Олимпиада жүлдесі осы еңбектің жемісі", - дейді Санаев. 

Сөз соңында Нұрислам Санаев еркін күрестен Қазақстан командасының әлеуетін жоғары бағалап, өзіне жанкүйер болған барша қауымға алғысын жаудырды. 

"Отандық еркін күрес шеберлері Олимпиаданы жалпы есепте бесінші орынмен аяқтады. Мен қола алсам, екі балуанымыз үшінші орын үшін күресте ұтылды. 97 келідегі Әлішер Ерғалиге төрешілер қиянат жасады, ал, Юсуп Батырмурзаевтың жеңілісіне қатысты ештеңе айта алмаймын. Спорт болған соң жеңілістің болуы заңды. Жалпы алғанда, көрсеткішіміз жаман дей алмаймын. Әлі де атқаратын жұмыс көп, әлі де алға ұмтыламыз. Осы орайда, бізге жанкүйер болған халыққа шын ниетіммен рахметімді айтамын. Сіздердің қолдауларыңыз бізге қанат бітіреді. Бапкерлерге алғысым шексіз. Он жерден мықты балуан болсаң да, бапкердің көмегінсіз биікке шыға алмайсың. Сондықтан, тағы да алғыс айтамын. Биылғы маусымда мен аздап үзіліс аламын. Келесі маусымда кілемге қайта оралатыным анық", - деді Нұрислам.

Все самое актуальное о спорте в вашем телефоне - подписывайтесь на наш Instagram!

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар