Вольная борьба
5 сәуір 2018 14:01
 

Қымыз бен саумал барда допингтің қажеті не? - Ресейлік бапкер Эдуард Базров

  Пікірлер

blog.share

Қымыз бен саумал барда допингтің қажеті не? - Ресейлік бапкер Эдуард Базров

Интернет арқылы видеошолуларды көріп, немесе кеңестерді оқып, бұлшық етін өсіруді ойлаған жастардың опық жеп қалып жатқанын талай естіп, көріп те жүрміз. Түрлі стероидтар мен препараттарды арнайы мамандарға тексерілуден кейін қолдануға болатынын не болмайтын анықтап алып қана кіріскен жөн. Қазақстанның еркін күрес академиясының аға жаттықтырушысы әрі Қазақстан құрамасының физикалық дайындау және витаминизациялау маманы Эдуард Базров Тengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында дене шынықтыру, қымыздың пайдасы мен қазақстандық спортшыларды дайындау жайында айтып берді. 

blog.share

Интернет арқылы видеошолуларды көріп, немесе кеңестерді оқып, бұлшық етін өсіруді ойлаған жастардың опық жеп қалып жатқанын талай естіп, көріп те жүрміз. Түрлі стероидтар мен препараттарды арнайы мамандарға тексерілуден кейін қолдануға болатынын не болмайтын анықтап алып қана кіріскен жөн. Қазақстанның еркін күрес академиясының аға жаттықтырушысы әрі Қазақстан құрамасының физикалық дайындау және витаминизациялау маманы Эдуард Базров Тengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында дене шынықтыру, қымыздың пайдасы мен қазақстандық спортшыларды дайындау жайында айтып берді. 


Эдуард Базров Алматыда. © Айдос Қосыбаев

Халықаралық турнирлерде талай жеңіске жеткен солтүстікосетиялық маман Олимпиада чемпионы отандасы Хаджимурат Гацаловпен бірге Қазақстанның еркін күрес федерациясының шақыртуымен өткен жылдың мамыр айында арнайы келген. Спортта 20 жылдан бері жүрген Эдуард Базров қарапайым адамдарға дене шынықтыру үшін ешқандай да стероид, ас қоспасы, допинг қатарына жататын препараттар мен зиянды синтолдарды пайдаланудың қажеттілігі жоғын айтады.

"Шұбат, қымыздың спортшыларды дайындауда пайдасы өте зор. Адам ағзасын тазалаумен қатар тағы бір ерекше күш береді. Жылқы етінің де пайдасы мол. Жалпы өзіміз де он күндей саумал ішіп, ағзаны тазартып тұрамыз. Спортшыларға да мүмкіндігінше қымыз, саумал, құрт және шұбат алдыртып тұрамыз", - дейді маман. 

Айтуынша, қарапайым адамға өз ағзасын тектен-тек былғаудың еш қажеті жоқ және креатин, тауриннен кей адамдарда - қан қысымы көтеріледі, кофейннен өзін жайсыз сезінеді, жасанды ақуыздың да минималды болса да зияны бар, асқазан жұмысына кері әсерін беретін жағдайлар да болады. Кальций мен С дәруменін ішуге кеңес берер едім, ал қалған жағдайда пайдасынан зияны көп болады. 


Олимпиада чемпионы отандасы Хаджимурат Гацаловпен. © Базровтың жеке мұрағатынан 

"Стероидтарды қабылдап, аз уақытта бұлшық етті өсіріп, дене пішімімді сымбатты етемін деу - қате ой. Біріншіден, ешқандай препарат толықтай 100 пайызға зерттелген жоқ. Екіншіден, сапалы дүниені табудың өзі қиын, себебі бірін-бірі шаптап шығара береді. Нарықта оның түрі өте көп. Үшіншіден, бұл негізінде спортшылар үшін арналған қоспалар, өйткені спортшының өмірі қарапайым адамға қарағанда өзгерек, себебі спортшыға қойылған талап тым жоғары. Төртіншіден, әр адамға жеке тәртіп қойылады, себебі қажетті сараптамалардан соң ғана оған қандай жаттығулар жасау керектігі, қаншалықты ауыртпалықты көтере алатыны анықталады. Ал біреудің кеңесі бойынша (көбіне интернеттегі кеңестер) дайындалу кейде қатерлі болатынын көріп те жүрміз. Бесіншіден препараттарды қолданғаннан кейін екі-үш жыл шамасында ол таралып кетеді, яғни дәстүрлі жолмен кемінде бір жылдай шыныққанда ғана бұлшық еттеріңіз өсіп, денеңіз сымбатты бола түседі", - дейді Базров.

Бір жылға жуық уақыт ішінде Қазақстан спортшыларымен жұмыс істеген маман қазақ халқының көңіл-көтеру, сауықтыру кештері мен отырыстарындағы көріністерді өз еліндегі мәдени кештермен және тойлармен салыстыра келе, екі елде де еттің жиі пайдаланатынын және күн демей, түн демей ет жеп, артынша газдалған сусындарды ішу әдеті бар екенін айтады. 


Эдуард Базров Алматыда. © Айдос Қосыбаев

Эдуард Базров спортшыларға да, қарапайым адамдарға да еркін күрестен Ресей чемпионы Владислав Байцаевтің ерік жігері мен еңбекқорлығын мысал етеді. 

"Ол тым арық әрі танымал емес болатын. Ешкім онымен жұмыс істегісі келмеген. Ол өздігінен жаттығып жүрді. Бір күні біз онымен жұмыс істей бастадық. Барлық талапты бұлжытпастан орындай білді, іш дегенді ішіп, қажетті уақытта ұйықтап, жаттығу жасаудан қашпай, өзін көрсете білді. Ол қазіргі уақытта Ресейдегі көшбасшы балуандардың бірі. Ап-арық болып келген жігіт қазір 96 келіде күресіп жүр", - дейді ол.


Владислав Байцаев пен Эдуард Базров. © Базровтың жеке мұрағатынан 

Сондай-ақ, маман арық және толықтау адамдардың жаттығуда айырмашылығын айтып берді. 

"Ел арасында қалыптасқан "Толықтау адамға майды бұлшық етке айналдыру оңай болады" деген сөз бар, алайда бұл қате пікір. Себебі ең басты нәрсе тамақ жеуді азайту, ал арық адам режим бойынша тамқтанатын болса, ол бір жылда 10 келі пайдалы салмақ қоса алады. Басты кеңес: "Дұрыс тамақтану - Таңғы асқа түрлі ботқалар мен екі жұмыртқаны қорек ету қажет, түскі асқа сорпа мен екінші тағамдар, ал кешкі асқа сүзбе мен қаймақ, жеңіл-желпі жеміс жидектер. Бидай өнімдерінен жасалғанды азайту. Жаттығу - күніне жаттығуды бір сағаттан аспау керек. Мүміндігінше бір жаттығуды ертесіне қайталамай, аяққа дүйсенбіде, денеге сейсенбіге, жұмада қолды шынықтырыңыз. Яғни дайындықтан соң денеңіз демалуы тиіс. Дұрыс ұйқы - сағат 23.00-де ұйықтау қажет, себебі 23:00 мен түнгі 02:00 аралығында адамның гармондары өндіріледі", - дейді ол. 
 


© wrestdag.ru

Осылай дей келе маман қазір басы дауға қалған мексикалық танымал боксшы Сауль "Канело" Альварестің ағзасынан табылған тыйым салынған затқа қатысты өз ойын білдіре кетті. 

"Сауль Альварес қолданған кленбутеролдың боксқа еш қатысы жоқ, себебі ол препарат тек дене пішімінің әдемі қалыптасуы үшін қолданылады екен. Ол шынымен де ет арқылы ағзаға кірген болуы мүмкін", - деп тұжырым жасады Эдуард Базров.


Эдуард Базров пен Азамат Дәулетбеков. © Базровтың жеке мұрағатынан

Аға бапкердің айтуынша, қазіргі уақытта еркін күрестен академияда дайындалып жатқан спортшылар арасындағы көшбасшы - Азамат Дәуелетбеков екен. 

"86 келі салмақта өнер көрсетіп жүрген Азамат Дәуелетбеков Қазақстандағы еркін күресте бірінші нөмірлі спортшымыз. Ол Қазақстан атынан Олимпиада ойындарында жүлделі орыннан көрінетініне сенімдіміз. 2017 жылы 23 жасқа дейінгі әлем біріншілігінің жеңімпазы, Азия біріншілігінде бірнеше мәрте жүлдегер атанды. Биылғы өткен әлем біріншілігінде ол күміс медаль иеленді", - дейді бапкер.

Жарнама

Живи спортом!