Вольная борьба
18 қыркүйек 16:34
 

Қазақстандық еркін күрес балуандары әлем чемпионатын екі жүлдемен аяқтады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық еркін күрес балуандары әлем чемпионатын екі жүлдемен аяқтады ©ҚР ҰОК

Күрес түрлерінен Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында еркін күрес жарыстары аяқталды.

blog.share

Күрес түрлерінен Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында еркін күрес жарыстары аяқталды.

Қазақстан балуандар финалға шыға алмады. Нұрқожа Қайпанов (70 келіге дейін) алтынға бір қадам жетпей қалды.

Ол жартылай финалда моңғолиялық Тулга Тумур Очирға есе жіберді. Нәтижесінде Нұрқожа үшінші орын үшін өткен белдесуде молдовалық Василий Дьяконды жеңіп, әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.

Сондай-ақ, Асылжан Есенгелді (61 келіге дейін) де үшінші орынға ие болды. Ол қола жүлде үшін өткен кездесуде америкалық Джексон Форрестен басым түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын екі қола медальмен аяқтады. Ал Камиль Қуруглиев (92 келіге дейін) бесінші орынға тұрақтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!