Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали еркін күрестен Белгардта өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
26 жастағы Сұлтанғали ширек финалда қытайлық Ликуо Каомен кездесіп, 7:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді келесі айналымда отандасымыз қырғызстандық Жолман Шаршенбеков пен америкалық Ильдар Хафизов арасындағы жеңімпазбен белдеседі