Еркін күрестен Қазақстан құрамасының капитаны карьерасын аяқтады

©olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының капитаны Дәулет Ниязбеков спорт мансабын ресми түрде аяқтады. Бұл ақпаратты құраманың бас бапкері Әсет Серікбаев хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Токио Олимпиадасында алған жарақатым оңай соқпады. Күреске еш ренішім жоқ. Шабатын жерге дейін шаптым. Күреске ықыласымды оятқан, жолымды ашқан, бар білненін үйреткен жаттықтырушыларыма алғыс айтқым келеді. Иә, күреске тоймай кетіп барамын. Олимпиада жүлдесін алсам деген арманым орындалмады. Бірақ денемнен шығатын тердің бәрін сығып, барымды салып кетіп бара жатырмын деп ойлаймын. Осы дәрежеге жеткенім үшін де Аллаға шүкір, – деді Дәулет Ниязбеков Оlympic.kz порталына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Ниязбеков 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс, 2011 жылғы әлем біріншілігің қола жүлдегері. Ол сонымен қатар үш мәрте Азия чемпионатында (2015, 2016, 2018) топ жарса, үш рет сол турнирде (2013, 2014, 2017, 2020) қола жүлде жеңіп алған. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының спорт шебері. Токио және Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар