Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялады
Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев әлем чемпионатына қатысатын балуандар есімін атады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев әлем чемпионатына қатысатын балуандар есімін атады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Күрес түрлерінен 2021 жылғы әлем чемпионаты 2-10 қазан күндері Норвегияның Осло қаласында өтеді. Оған Қазақстан сапынан 10 балуан қатысады. Бас бапкердің айтуынша, әлем біріншілігіне қатысатын балуандар оқу-жаттығу жиынында өзара белдесу (прикидка) арқылы шешілген.
"Қазіргі таңда Алматы облысында оқу-жаттығу жиынындамыз. Бүгін балуандар арасында өзара белдесулер ұйымдастырып, әлем чемпионатына баратын спортшылар құрамын анықтадық. Олимпиадаға қатыстан балуандар арасында жүлдегер атанған Нұрислам Санаев еңбек демалысында. Ал Дәулет Ниязбеков жарақатына байланысты осы жаттығу жиынынан және әлем чемпионатынан тыс қалады. Олимпиададан кейін Дәулетке ота жасалды. Енді екі айдан кейін тағы тексеріледі. Оған дейін денсаулығына мұқият қарап, реабилитациядан өтеді.
Аталған спортшылардан басқа балуандардың барлығы бүгінде әлем біріншілігіне дайындықты бастап кетті", - дейді бас бапкер Әсет Серікбаев.
Әлем чемпионатына қатысатын балуандар келесідей:
57 келі: Мейрамбек Қартбай
61 келі: Адлан Асқаров
65 келі: Әділ Оспанов
70 келі: Сырбаз Талғат
74 келі: Нұрқожа Қайпанов
79 келі: Болат Сақаев
86 келі: Азамат Дәулетбеков
92 келі: Әділет Дауланбаев
97 келі: Әлішер Ерғали
125 келі: Олег Болтин
Жарнама