auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Еркін күрестен Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы екі алтын алды

Еркін күрестен Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы екі алтын алды
Еркін күрестен Қазақстан командасы Сиянь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатынан 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен оралды. Бұл біздің балуандар үшін құрлықтағы жоғары нәтижелердің бірі. Еркін күрестен ұлттық құрама бас бапкері Әсет Серікбаев Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, Сиянь кілеміндегі қазақ балуандарының аяқ алысын бағалады.

"Біз Азия біріншілігіне жастардан жасақталған команда апардық. Қазақстан Спартакиадасында топ жарған балуандардың барлығы құрлық додасына қатысу мүмкіндігін алған. Жалпы алғанда, жігіттердің қарқыны жаман емес. Кейбір салмақтарда "әттеген-айлар" болды. Дегенмен де, жастар үшін бұл үлкен тәжірибе екені анық.

57 келідегі Мейрамбек Қартбай үшін бұл алғашқы ірі халықаралық дода. Оған сөзсіз тәжірибе жеткен жоқ. 61 келідегі Бауыржан Төребектің де жағдайы осыған ұқсас. Бір жыл бойы жарақатына байланысты кілемнен шеттеп қалған ол бабына еніп үлгермеді. Бұл екі спортшы да өз мүмкіндігін толығымен көрсетті, тактикалық тұрғыдан қате жіберіп, қарсыласынан айнала қашқан жоқ. Өз деңгейлерінде күресіп шықты.

65 келіде белдескен Саятбек Оқасов құрамадағы ең білікті балуандардың бірі. Ол былтырғы Азия ойындарының жүлдегері. Биылғы чемпионат финалында ол екі дүркін әлем чемпионы атанған үнділік спортшыдан жеңілді. Меніңше, Саятбек функционалды тұрғыдан қателік жіберді. Әйтпесе, белдесу аяқталуына санаулы уақыт қалғанда біздің спортшымыз 7:2 есебімен алда тұрған. Осы басымдықты сақтай алмады.

70 келідегі жас балуанымыз Нұрқожа Қайпановқа бапкерлер де, жанкүйерлер де риза шығар. Ересектер қатарына енді ғана өткен спортшы. Былтыр жастар арасындағы Азия біріншілігінде үштікке енген.

74 келі салмақтағы Данияр Қайсанов барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Ешкімге мүмкіндік берген жоқ. Ол Азия ойындарының финлында күресткен, тісқаққан балуан. Сондықтан, одан әлемдік турнирлердің жүлдесін күтеміз.

Бапкер ретінде 79 келідегі Ғалымжан Өсербаев Азияның алтынын алады деп үміттенген едім. Ойлағанымдай болмады. Жартылай финалда Үндістан өкілінен 2:3 есебімен ұтылды.

86 келідегі Әділет Дәулембаев алғашқы белдесуде Ливан атынан шығатын, бірақ Америкада туып-өсіп, сол жақта жаттығатын балуанмен кездесті. Өте тартысты өткен жекпе-жек Әділеттің жеңісімен аяқталған. Алайда, келесі белдесуге дейін аз уақыт берілді де, ол қалпына келіп үлгермей, өзбек балуанынан ұтылды.

92 келідегі Ералы Әбдірашев те алысқа барған жоқ. Десе де, оны талантты спортшылар қатарына қосамын.

97 келідегі Ерғали Әлішерден өз басым үлкен үміт күтемін. Ол өткен жылы 92 келіде күресіп, жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген. Биыл ересектер арасына өтіп, салмағын арттырып, Азия чемпионатының жартылай финалында азулы ирандық балуаннан сескенген жоқ. Тек, сәл ғана тәжірибе жетпей қалды. Ол бапкерлер сенімінен шығып тұрған балуан.

125 келідегі Олег Болтин физикалық жағынан өте мықты. Бірақ психологиялық тұрғыдан ақсап тұр. Егер осыны реттейтін болса, Болтин де ұзаққа баруы мүмкін.

Азия біріншілігі өз елімізде өтетін әлем чемпионаты қарсаңындағы үлкен дайындық саналады. Лицензиялық әлем біріншілігінде балуандар аянып қалмайды деген сенімдемін", - деді Әсет Серікбаев.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
22 қыркүйек 2023, 09:12
Еркін күрес
© Жәмила Бақбергенова ӘЧ-де жүлде жеңіп алды
17 қыркүйек 2022, 13:33
Еркін күрес
©Olympic.kz Қазақ балуан ӘЧ жүлдесін жеңіп алды

Жарнама

Жарнама