Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Бішкекте өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатында алтын медальға қол жеткізді.
65 келі салмақ дәрежесінде белдесетін отандасымыз финалда
Даичи Такатаниді ұтты (11:0).
Тағы екі отандасымыз
Жандос Ысмаил (57 келі) мен
Мейіржан Әшімов (70 келі) Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Жандос ирандық спортшыны жеңсе, Мейіржан моңғол балуанынан басым түсті.
Жарнама