Вольная борьба
3 наурыз 2018 17:54
 
Дәулет Ниязбеков Азия чемпионатының алтынына таласады

  Пікірлер

blog.share

Дәулет Ниязбеков Азия чемпионатының алтынына таласады

Дәулет Ниязбеков Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының ақтық сынына шығып, алтын жүлдені сарапқа салады.

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері сынға түсіп, 65 келі салмақ дәрежесінде белдескен Дәулет Ниязбеков алтын жүлдеге таласатын болды. Алғашқы кездесуін Солтүстік Корей елінің балуанына қарсы өткізген отандасымыз айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, ширек финалда қырғыз балуанын ұтты. Ал жартылай финалда өзбек Темуржан Усмонохуновтың мысын басып, алтын жүлде үшін белдесуде жапон спортшысымен кездеседі.

Айта кетейік, Қырғызстанның астанасы Бішкекте өтіп жатқан байрақты бәсекеде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлдені еншілеп, жалпы командалық есепте үздік үштікке кірді.

Жарнама

Живи спортом!