Әлем чемпионатында топ жарған балуандар миллион теңге сыйақы алатын болды
Қазақстандық балуандар Камир Кургулиев пен Дарын Әскербек жастар арасындағы әлем біріншілігінде жеңіп алған алтын жүлделері үшін сыйақы алатын болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық балуандар Камир Кургулиев пен Дарын Әскербек жастар арасындағы әлем біріншілігінде жеңіп алған алтын жүлделері үшін сыйақы алатын болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл Қазақстан құрамасының 2013 жылдан бері алған алғашқы алтындары. Осыған дейін аталған турнирде Дархан Калкенов топ жарған болатын.
"Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Итлаияда өткен әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсетті. Екі алтын жүлде олжалады. Осыған байланысты Ерлан Садуәқасұлы Қожасбай өз атынан Дарын Әскербек пен Камил Кургулиевке 1 миллион теңге сыйақы береді", - делінге Қазақстанның күрес федерациясы таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бұл әлем біріншілігінде грек-рим күресінен ел намысын қорғаған Әрсен Жұма мен Юсуф Ашрапов, әйелдер арасында Алина Ертөстік қола жүлде иеленді.
Жарнама