Төрт қызыл қағаз көрсетілді. Франция чемпионатында ойыннан кейін футболшылар жаппай төбелесті

Сурет: junipersports.com

Франция чемпионатының 35-турында "Монако" өз алаңында "Лионнан" жеңілді. "Луи II" (Фонвьей, Монако) стадионында өткен ойын 2:3 есебімен аяқталды. 

Төрешінің ақтық ысқырығынан кейін екі команданың ойыншылары арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласты. Жанжалдың не үшін шыққаны белгісіз. 

Франциялық басылымдардың ақпараты бойынша, төбелеске қатысқан төрт ойыншы қызыл қағаз алды. "Монако" сапынан Жебель мен Пеллегри, ал "Лион" сапынан Де Шильо мен Марсело. Сондай-ақ, ойын кезінде қонақ команданың ойыншысы Какере екі сары қағаз алып, алаңнан қуылды. 

Метки: