Роналду мен Мессиден кейін әлемнің үздік футболшысы кім болатыны айтылды

Фото: Harold Cunningham/ UEFA
Франциялық "Пари Сен-Жермен" командасының спорт директоры Леонардо команданың шабуылшылары Килиан Мбаппе мен Неймар, Криштиану Роналду ("Ювентус") мен Лионель Месси ("Барселона") футболдан кеткен соң әлемнің үздік футболшысы болатынын айтты. 

"Біз Неймар және Мбаппемен бірге жұмыс істей бергіміз келеді. Бұл барлығына анық шығар. Мұндай екі мықты футболшысы бар командада арман жоқ шығар. Месси мен Роналду екі бөлек командада ойнады. Ал бізде Роналду мен Месси карьерасын аяқтағаннан кейінгі әлемнің үздік футболшылары бар", - деп келтіреді Леонардоның сөзін Goal.соm. 

Еске салайық, ПСЖ командасы былтырғы маусымның қорытындысы бойынша Франция чемпионы атанып, Франция кубогі мен Лига кубогінде топ жарды. 

Чемпиондар лигасында париждік команда финалға дейін жетіп, "Бавариядан" 0:1 есебімен жеңіліп қалды. 



Метки: