ПСЖ президенті Мессиден кейін командасына Роналдуды сатып алмақ
Франциялық "Пари Сен-Жермен" командасының президенті Нассер Аль-Хелаифм командадан кететін Килиан Мбаппенің орнына Криштиану Роналдуды сатып алуға ниетті, деп жазады "Чемпионат" порталы.
Франциялық "Пари Сен-Жермен" командасының президенті Нассер Аль-Хелаифм командадан кететін Килиан Мбаппенің орнына Криштиану Роналдуды сатып алуға ниетті, деп жазады "Чемпионат" порталы.
Париждік команданың басшылары Франция құрамасының 22 жастағы шабуылшысының кететініне көнгендей. Бір жылдан кейін еркін агент ретінде "Реал" сапына қосылады екен.
Ал 36 жастағы португалиялық шабулшы келер жылы ПСЖ сапына тегін қосылады. Себебі, келесі жылы Роналдудың "Ювентуспен" келісімшарты аяқталады.
Еске салайық, бұған дейін ПСЖ сапына Лионель Месси еркін агент ретінде қосылған болатын.
Жарнама