ПСЖ командасының тағы үш футболшысы коронавирус жұқтырып алды

Сурет: УЕФА
Франциялық ПСЖ командасының тағы үш футболшысы коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

"Барлық футболшылар, бапкерлер қосыны және клуб қызметкерлері жақын күндері тағы тест тапсырады", - деді бұл мәселеге байланысты клубтың баспасөз қызметі. 

Ал журналис Никола Скираның ақпараты бойынша, вирус жұқтырып алғандардың бірі - шабуылшы Мауро Икарди екен. Вирус жұқтырған қалған екі футболшының есімдері белгісіз болып тұр. 

Еске салайық, бұған дейін париждік команда сапында сапында Неймар, Анхель Ди Мария және Леандро Паредестің вирус жұқтырып алғаны анықталып еді. 

Осылайша ПСЖ командасында вирус жұқтырған ойыншылардың саны алтыға жетіп отыр. Енді 10 қыркүйек күні Франция біріншілігіндегі "Лансқа" қарсы ойын өтпей қалуы мүмкін. 

Айта кетейік, L'Equipe ПСЖ-ның бірқатар ойыншысы бірнеше күн демалыста Ибицада болғанын, содан кейін олар Парижге оралғанын хабарлаған. Олардың қатарында жоғарыда аталған футболшылар да болған. Олар сол жерде вирус жұқтырған болуы мүмкін. Енді ойыншылар бір апта карантинді сақтайды.




Метки: