ПСЖ командасының "Манчестер Юнайтедпен" болатын ойынына 13 футболшысы ғана дайын
Сурет: ПСЖ сайтынан алынды.
"Пари Сен-Жермен" командасының бас бапкері Томас Тухель Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бірінші турында «Манчестер Юнайтедпен» матч қарсаңында көп ойыншылардың жарақат алғанын айтты.
"Бізде тек 11-13 ойыншы ғана дайын болуы мүмкін. Біздің жолымыз болмады. Дракслер мен Маркиньостың "Манчестер Юнайтедпен" ойнайтыны күмән тудырып тұр. Колин Дагбадан коронавирустың белгілері байқалды. Керер жарақатына байланысты бірнеше аптаға қатардан шығып қалды. Бернат пен Икарди жарақат алды. Бір апта бұрын Икарди ішкі тізе байламын жарақаттап алды, онша ауыр емес, бірақ ол "Ним" және "Манчестер Юнайтедпен" болатын ойынға қатыса алмайды. Данило Перейра бүгін командаға қосылды, бірақ ол Криштиану Роналдумен байланыста болған, сондықтан медициналық қызметкерлер оның топпен бірге жаттығу жасағанын қаламайды. Верратти Италия құрамасында жарақат алды, қазір ол біздің дәрігерлердің бақылауында. Бізге ойыншылар жетіспейді. Ендігі міндет - "Ниммен" ойында жеңіске жететін құрамды таңдау, өйткені бұл "Манчестер Юнайтедпен" болатын матч алдындағы ең соңғы дайындық", - деді Тухель.
Айта кетейік, ПСЖ мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы кездесу 20 қазанға жоспарланған.

Жарнама