Неймар ПСЖ-мен келісімшартын ұзартуы мүмкін

Неймар. Фото: sportbox.ru
Бразилиялық шабуылшы Неймар "Пари Сен-Жерменмен" келісімшартын ұзартуы мүмкін, - деп хабарлайды sports.ru

27 жастағы футболшы карьерасын париждік клубта жалғастыруды қалайды, бірақ бәрі команданың Чемпиондар лигасындағы нәтижесіне байланысты. "ПСЖ" бразилиялық футболшымен келісімшартты ұзартуға дайын. Бірақ шешім сәуір-мамыр айларында қабылданады. 

Қазір клуб пен футболшы арасында ешқандай түсінбеушілік жоқ. 

Неймардың қазіргі еңбек келісімі 2,5 жылдан кейін аяқталады, бірақ екі тарап арасында бейресми келіссөз басталып кеткен. 

Осы маусымда Неймар клуб сапында 15 матч өткізіп, 13 гол мен жеті нәтижелі пастың авторы атанған. 
Метки: