Матч кезінде қарсыласты ұрып жіберген Неймардың қалай жазаланғаны анықталды

Сурет: Reuters
Франция футбол лигасының Тәртіпті бақылау комитетін біріншіліктің 3 турында ПСЖ мен "Марсель" командалары арасындағы болған қақтығысқа байланысты шешім шығарды. 

Еске салайық, бұл кездесудің соңында бас төреші ПСЖ командасынан Неймар, Леандро Паредес және Левен Курзаваны, ал "Марсель" сапынан Жордан Амави мен Дарио Бенедеттоны алаңнан қуған еді. 

Бұл іс бойынша Тәртіпті бақылау комитеті мынадай шешім шығады. Қақтығысқа қатысқан футболшылар арасында ең ауыр жаза Курзаваға берілді. Ол 6 ойыннан шеттетілді. Амеви болса үш ойыннан, Неймар мен Паредес екі ойынға, ал Бенедетто бір ойынға шеттетілді. 

Сондай-ақ комитет Неймардың ісіне байланысты тергеу бастады. Бразилиялық футболшы "Марсель" қорғаушысы Альваро Гонсалестің расисттік мағынада мазақ еткенін айтып еді. 

Одан бөлек, алдағы уақытта ПСЖ жартылай қорғаушысы Анхель Ди Марияның да ісі қарастырылады. Аргентиналық футболшы Гонсалеске түкірді деген айып тағылуы ықтимал. 



Метки: