Футболдан Франция біріншілігінің жаңа маусымы қашан басталатыны анықталды

Reuters©
Футболдан Франция чемпионатының жаңа маусымы 22 тамызда басталады. Бұл туралы Франция кәсіпқой футбол лигасы хабарлады. 

Францияның чемпионы ПСЖ командасы атағы 23 маусымға қорғауды бастайды. Бұл күні париждік команда "Мец" ұжымына қарсы кездесу өткізеді. 

2020/21 маусым 23 мамырға дейін жалғасады. Биылғы маусым сәуір айында коронавирус індетіне байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын. Өткен маусымда ПСЖ чемпион атанды. 

Айта кетейік, Франция коронавирусқа байланысты ел біріншілігін тоқтатқан жалғаз ел атанды. Ал басқа елдердің барлығы үзілістен кейін біріншіліктерін қайта жалғастырды. 



Метки: