Франция
28 ақпан 2018 11:53
 
Чемпиондар лигасындағы "Реал" - "ПСЖ" кездесуі Неймарсыз өтеді

  Пікірлер

blog.share

Чемпиондар лигасындағы "Реал" - "ПСЖ" кездесуі Неймарсыз өтеді Неймар. © belfasttelegraph.co.uk

Футболдан француздық "Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Неймар жарақатына байланысты 6-8 аптаға қатардан шығып қалды. Бұл туралы футболшының әкесі үлкені Неймар айтты, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Бразилиялық сұрмерген жексенбіде, 25 ақпанда Франция чемпионатының "Марсель" командасымен өткен ойында жарақат алды. Көзіне жас алған Неймарды алаңнан санитарлық зембілмен алып кетті. Дәрігерлер оны қарап шыққаннан кейін, тобығындағы жіліншіктің созылғанын және өкшесіндегі сүйектің жарылғанын анықтаған. 

"ПСЖ алдағы бірнеше ойындарда Неймарға сенім арта алмайтындарын біледі. Ол кемінде алты апта бойы ойындарға қатыса алмайды. Емдеу мерзімі - алты-сегіз апта. Ота жасалатынын не жасалмайтыны да белгісіз", - деді футболшының әкесі Рейтерге берген сұхбатында. 

Осылайша, Неймар Чемпиондар лигасының 1/8 финалында мадридтік "Реалға" қарсы ойынға қатыса алмайды. Кездесу 6 наурызда Парижде өтеді. Бірінші ойында мадридтік кліб 3:1 есебімен жеңген еді. 

Жарнама

Живи спортом!