Әлемнің ең қымбат футболшысы ауыр жарақат алып қалды

Сурет: russian.rt.com

2019/20 жылғы маусымдағы Франция кубогінің финалында ПСЖ мен "Сент-Этьен" командалары арасындағы кездесуде Франция құрамасы мен әлемнің ең қымбат футболшысы Килиан Мбаппе ауыр жарақат алды. 

Ойынның 26 минутында "Сент-Этьен" командасының капитаны Лоик Перрин Мбаппеге қарсы ойын ережесін бұзды. Сөйтіп 21 жастағы Килиан ауыр жарақат алды. Ал Перрин болса алаңнан қуылды. Мбаппе кездесуді ары қарай жалғастыра алмай, алаңнан кетті. 



Айта кетейік, бұл кездесуде "Пари Сен-Жермен" командасы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, 13 рет Франция кубогін төбелеріне көтерді. Кездесудегі жалғыз голды 14 минутта Неймар соқты. 

Мбаппенің жарақаты клуб басшыларын мазасын кетірді. Себебі, ПСЖ тамыздың басында Чемпиондар лигасында "Аталанта" командасымен кездесуі керек. 

Франция құрамасының намысын қорғаутын шабуылшы әлемнің ең қымбат футболшысы. KPMG Football Benchmark мәліметі бойынша, оның трансферлік құны 225 миллион еуро екен. 







 

Метки: