Казахстан(футбол)
15 ақпан 2017 21:09
 
"Зенитте" қалар-қалмасым әзірге белгісіз - Еркебұлан Сейдахмет

  Пікірлер

blog.share

"Зенитте" қалар-қалмасым әзірге белгісіз - Еркебұлан Сейдахмет Еркебұлан Сейдахмет. Фото Vesti.kz©

Жамбыл футболының түлегі Еркебұлан Сейдахмет KazFootball.kz сайтына Кипрде ресейлік "Зениттің" жастар құрамының сапында өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиындары туралы айтып берді.

"ОЖЖ керемет өтіп жатыр. Дайындық жұмыстары 25-ші ақпанға дейін жалғасады. Бұл жерде бәрі менің көңілімнен шығады: бапкерлерден бастап, әріптестеріме дейін. Жаттығу барысында негізгі басымдық доппен жұмыс істеуге бағытталады. Әрине, деңгейі біздің елдікінен бөлек. Бапкерлер мені алаңда тек шабуылшы ретінде қояды. "Зенитте" қалғым келеді ме дейсіз бе? Әзірге білмеймін, нақты шешім қабылдаған жоқпын", - дейді Сейдахмет.

Айта кетейік, 17-жасар Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан U-19 құрамасының сапында Гранаткин Мемориалы жарысының үздік ойыншыларының бірі болып танылды. Осыдан кейін ол "Зениттің" жастар құрамысының сапында оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін шақыртылған болатын. 

Жарнама

Живи спортом!