Зайнутдинов бар! Байсуфинов әлем чемпионатына іріктеу ойынына қатысатын футболшылардың тізімін жариялады

Сурет: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын футболшылардың тізімін жариялады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Қыркүйек айында Қазақстан құрамасы үш кездесу өткізеді. Тарқатып айтқсақ, 1 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы өз алаңында Украинаны қабылдайды. Ал 4 және 7 қыркүйек күндері сырт алаңда Финляндия мен Босния және Герцоговина құрамаларына қарсы кездесу өткізеді. 

Қазақстан ұлттық құрамасының қыркүйек айындағы іріктеу ойындарына шақыртылған футболшылар тізімі:

Қақпашылар: Стас Покатилов, Мұхамеджан Сейсен, Игорь Щацкий.

Қорғаушылар: Нұралы Әліп, Абзал Бейсебекеов, Марат Быстров, Руслан Валиуллин, Темірлан Ерланов, Ян Вороговский, Әлібек Қасым, Юрий Логвиненко, Сергей Малый, Александр Марочкин, Еркін Тапалов, Мақсат Тәйкенов.

Жартылай қорғаушылар: Владислав Васильев, Самат Жарынбетов, Бахтиер Зайнутдинов, Исламбек Қуат, Серікжан Мұжықов, Азат Нұрғалиев, Рамазан Оразов, Асхат Тағыберген.

Шабуылшылар: Айдос Тәттібаев, Артур Шушеначев, Алексей Щеткин.

Қосалқы құрам: Дмитро Непогодов, Абат Айымбетов, Сұлтанбек Астанов, Бауыржан Байтана, Михаил Габышев, Нұрлан Дайыров, Бағдат Қайыров, Олжас Керімжанов, Роман Мұртазаев, Оралхан Өміртаев, Максим Федин.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар