Маманның соңғы жұмыс орны Грузия ұлттық құрамасы болды. Оның командасы Солтүстік Македониядан ЕУРО-2020-ға жолдама беретін шешуші матчта жеңіліп қалды (0:1). 2019 жылы Вайсс "Астанада" Роман Григорчуктің орнын басатын бапкер ретінде қарастырылған еді.
Казахстан(футбол)
21 қараша 2020 15:42
Владимир Вайсс футболдан Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін
Владимир Вайсс. Сурет: worldsport.ge©
Словакиялық маман Владимир Вайсс Михал Билек кеткеннен кейін Қазақстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Вайсс "Қайратта" үш маусым бойы жұмыс істеді және ұлттық құраманың бас бапкері үшін маңызды болатын Қазақстан чемпионатын жақсы біледі. Оның басшылығымен алматылықтар екі рет Қазақстан Кубогын жеңіп алды, екі рет Премьер-Лиганың күміс және бір рет қола жүлдегері атанды. Словакиялық маман алматылық командамен бірге Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығудың аз-ақ алдында тұрды, бірақ соңғы сәтте "Бордоға" есе жіберді.