Владимир Никитенко - Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы
Танымал қазақстандық маман Владимир Никитенко Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды.
Танымал қазақстандық маман Владимир Никитенко Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды.
Оның жетекшілігімен бізідң команда жастар арасында 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне дайындық жүргізеді.
Еске сала кетейік, 26 қаңтар күні Швейцарияның Ньон қаласында 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылады. Оның қорытындысы бойынша жастар құрамасының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталады.
Айта кетейік, Владимир Андреевич бапкерлік қызметін 1990 жылы бастады. Ол көптеген қазақстандық клубтарда қызмет атқарып, көп тәжірибе жинады.1993 жылы Владимир Никитенко алматылық «Достық» командасымен алғаш рет Қазақстан Кубогының иегері атанды.1995 жылы семейлік «Елімай» командасымен үш жүлдені жеңіп алды: Қазақстан Чемпионаты, Кубок және Суперкубок.1997 жылы алматылық «Қайратпен» қола жүлде және Қазақстан Кубогы иегері атанды. 2001-2002 жылдары «Атырау» командасымен бірге ел біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері болды.2004 жылы Ресейдің «Терек» командасы жаттықтырып, Бірінші дивизионның жеңімпазы атанды. Ресей Кубогын иеленді.2013 жылы «Ақтөбе» командасымен чемпион атанды. Кейін Қазақстан Суперкубогында жеңіске жетті.Осы уақытқа дейін Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін басқа қазақстандық маман Вахид Масудов атқарып келді.
Жарнама