Қостанайлық "Тобыл" Конференция лигасы үшінші кезеңіндегі ойындарын жанкүйерсіз өткізеді. Мұндай ақпаратты команданың ресми сайты хабарлады.
"Елордада карантин шараларын қатаңдату туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысының қорытындысы бойынша көрермендермен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылданды.
Осылайша, 5 тамыз күні өтетін УЕФА Конференция лигасының үшінші турының матчі көрерменсіз өтеді", - делінген клуб таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, "Тобылдың" Қостанайдағы Орталық стадионы Конференция лигасының үшінші кезеңін қабылдауға рұқсат ала алмады. Сол үшін "Тобыл" мен "Жилина" арасындағы кездесу 5 тамыз күні "Астана Аренада" өтеді. Ойын 22:00-де басталады.