Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері болып қала береді - дереккөз

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері болып қала береді. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне дереккөз айтып берді. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Қазақстан футбол федерациясының басшысы 53 жастағы маманмен келісімшартты ұзартады. 

"Талғат Байсуфинов қызметінде қалады дегенге тағы бір дәлел. Желтоқсан айының ортасында Швейцарияда Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтуі керек еді. Бірақ коронавирус жағдайына байланысты бұл жиынға ҚФФ бара алмайды. Сосын бұл шараны коронавирусқа байланысты өткізбейтін болды. Дегенмен әңгіме бұл жайында емес. 

Менің білген мәліметім бойынша, Ньюнға Қазақстан делегаицясының қатарында Байсуфинов та болды. Ал негізі жеребе 16 желтоқсанда болуы керек еді. Яғни, Қазақстан футбол федерациясы конференциясынан кейін он күннен соң. 

Барлығы шешіліп қойған сияқты. Маруаұлы бас бапкер болып қала береді. Мен мұны не жақсы, не жаман демеймін. Тек ақпаратпен бөлісіп отырмын", - делінген дереккөздің хабарламасында. 

Еске салайық, Талғат Байсуфиновтің Қазақстан құрамасымен келісімшарты желтоқсан айының соңында аяқталады. 10 желтоқсан күні ҚФФ-нің конференцисы өтеді. Сол жиында бас бапкердің мәселесі нақты шешіледі. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар