auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Талайды таңғалдырған таланттар. Гранаткин мемориалында атой салып жатқан жігіттер жайлы

Талайды таңғалдырған таланттар. Гранаткин мемориалында атой салып жатқан жігіттер жайлы
Александр Кузнецов баптайтын Қазақстан (U 18) жастар құрамасы талайларды таң қалдырып, Гранаткин мемориалының финалына шықты. Бұл бұған дейін қазақ футболында болмаған жайт. Яғни, тарих. Тарихи көрсеткішті кімдер тіркеді? Осы материалда Санкт-Петербургта атой салып жүрген жігіттер жайлы айтуды жөн санадық.

Данил Устименко



"Жақсы қақпашы – жарты команда", - деген қағида бар футболда. Қазақстан жастарының жақсы көрсеткішін біз бірінші кезекте осы бағана күзетшінің керемет ойынымен байланыстырамыз. Тек сөз жүзінде емес. Дәлел де бар. Данил құрамамыз өткізген 5 кездесуде небәрі 3 гол жіберді. Тағы 3 кездесуде қақпасын аман сақтап қалды. Алматылық "Қайраттың" қақпашы әсіре Словения мен Грекияға қарсы кездесуде қақпада керемет тұрды. Әрине, оған қорғаушылар да қатты көмектесті.

Айдос Орал



Қарағандылық "Шахтердің" жартылай қорғаушысы Гранаткин мемориалындағы Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені. Айдостың Грекия қақпасына соққан екі гол тұңғыш рет біздің құраманы турнирдің финалына алып шықты. Оған дейін оның голы Словения құрамасын жеңуге де көмектескен еді. Қазір 3 голмен Орал турнирдің үздік сұрмергендері қатарында. Айдос қарағандылық "Шахтердің" тәлімгері. Жастар арасындағы жарыстарға жиі қатысып тұрады. 2015 жылы ол командасымен бірге "Жастар" турнирінде топ жарды.

Дінмұхамед Қашкен



Қашкен Алматыдағы Республикалық спорт колледжінің тәлімгері. Соныме қатар "Цесна" және нөмірі екінші футбол мектебінде футболдың әліппесін үйренген. Біркездері мадридтің "Атлетико" академиясынан да тәлім алды. Қазір Қазақстан құрамасының капитаны. Бұл футболшыны қазақ футболыны болашағы деп айтуға толық негіз бар.

Еркебұлан Сейдахмет



Тараз – таланттарды ортасы екенін тағы да дәлелдеген футболшы. Қазір бұл футболшы облыс біріншілігінде өнер көрсететін "Монтажник" командасы сапында өнер көрсетеді. Гранаткин мемориалы барысында көптеген командалар көз тіккен футболшы. Турнир аяқтала салысымен командасын да ауыстыруы әбден мүмкін.

Турнир барысында ерекше көзге түскен футболшылар міне, осылар. Бірақ, біз ешкімді бөл-жарғымыз келмейді. Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан додада біздің футболшылар жұмылған жұдырықтай болып өнер көрсетіп жатыр. Алда бір ойын бар. Финал. Тіл-көзіміз тасқа. Финалдан жеңіс күтіп, тілеуін тілейміз. Ал, бұл турнирде өнер көрсетіп жатқан футболшылардың тізімі төменде.



Қақпашылар: Данил Устименко ("Қайрат"), Владислав Сазонов ("Ертіс");
Қорғаушылар: Дінмұхамед Қашкен ("Астана"), Талғат Кусяпов ("Астана"), Санжар Айтым ("Астана"), Ерасыл Аманжолов ("Атырау"), Айбар Нұрдалиев ("Қайрат"), Данил Кузнецов ("Ертіс"), Сағадат Тұрсынбай ("Ордабасы"), Санжар Батырханов ("Жетісу");
Жартылай қорғаушылар: Жасұлан Қайыркенов ("Астана"), Андрей Ульшин ("Қайрат"), Дарын Сүйінов ("Қайрат"), Батыр Құдайбердинов ("Ертіс"), Айдос Орал ("Шахтер"), Жанәли Пайруз ("Шахтер"), Гаврил Кан ("Тараз"), Мұхит Жақсылык ("Ордабасы"), Александр Усачев ("Ақтобе"), Әлібиби Тузакбаев ("ЦСКА");
Шабуылшылар: Сұлтан Астанов ("Қайрат"), Лев Скворцов ("Астана"), Марлен Айманов ("Қайрат"), Еркебұлан Сейдахмет ("Монтажник"), Павел Баркунов ("Ертіс").
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 мамыр 2023, 15:29
Қазақстан
©ҚКФЛ ҚКФЛ-ге жаңа басшы келді

Жарнама

Жарнама