auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Сүйімбаевтың голы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі 10 үздік гол қатарына кірді

Сүйімбаевтың голы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі 10 үздік гол қатарына кірді
Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағы (УЕФА) 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында асқан шеберлікпен ең әдемі соғылған голдардың ондығын жариялады. Бұл үздік голдар қатарына қазақстандық футболшы Ғафуржан Сүйімбаевтың голы да енген.

Жартылай қорғаушы үздік ондыққа енген голын Дания құрамасының қақпасына соққан. Копенгагенде өткен ойында Ғафуржан 35 метрдей қашықтықтықтан тура соққы бағыттап алаң иелері қақпашысын қапы қалдырған еді. Алайда ойында дат футболшылары 4:1 есебімен жеңіске жеткен-ді.

Еуропадағы іріктеу кезеңіндегі үздік голдар қатарына Себастьян Руди, Эмре Джан (екеуі де - Германия), Костас Митроглу (Грекия), Маркус Берг (Швеция), Алехандре Мартинес (Андорра), Павел Савицкий (Белорусь), Александер Ринг (Финляндия), Аксель Витсель (Бельгия) және Оливье Жирудың (Франция) голдары енген.



Айта кетейік, әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы "Е" тобында 3 ұпай еншілеп, соңғы орында қалған болатын. Ресейдегі додаға Польша құрамасы тікелей жолдама алған еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:

Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама