Соңғы минутта гол соқтық! Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кездесуінде Украинамен тең ойнады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Катар жерінде өтетін әлем чемпинатының іріктеуі аясында Украинамен тең ойнады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Катар жерінде өтетін әлем чемпинатының іріктеуі аясында Украинамен тең ойнады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ойын бүгін, 1 қыркүйек Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана-Арена" стадионында өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды.
Кездесудегі есепті қонақтар ашты. Екінши минутта "Бенфиканың" шабуылшысы Роман Яромчук әдесі соққы жасап, Стас Покатиловты қапыда қалдырды.
Одан кейін Украинаның капитаны Андрей Ярмоленконың есепті еселейтін екі мүмкіндігі болды. Бірақ капитан екі мүмкіндікті де пайдалана алмады. Одан кейін Сергей Сидочук те екінші голды соғатын мүмкіндікке ие болған. Алайда оның тепкен добы қақпаның маңдайшасына тиді.
Екінші таймды да Украина құрамасы белсенді бастады. Дегенмен қанша шабуылдаса да Покатилов қорғаған қақпадан саңылау таба алмады.
Матчтің 60-минутында Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов алаңға Абат Айымбетов пен Бахтиер Зайнутдиновтің шығарды. "Астананың" шабуылшысы ойынға керемет араласып, 68-минутта гол соққан еді. Литвадан келген төреші Донатас Румшас бейнеқайталауға жүгініп, оффсайд болғанын тіркеді.
Бұл сәттен жігер алған Қазақстан құрамасының ойыншылары шабуылды үдете түсті. Нәтижесінде 74-минутта Асхат Тағыбергеннен тамаша пас алған Руслан Валиуллин гол соғып, есепті теңестірді.
Бұл сәттен кейін де екі құраманың гол соғатын мүмкіндігі болды. Қонақтардан сол Ярмоленко тағы бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберсе, біздің құрамада Абат Айымбетов қақпашымен бетпе-бет шығып, Андрей Пятовтан айласын асыра алмады.
Содан соң Бахтиер Зайнутдиновтің матчқа нүкте қоятын сәті болды. Алайда ЦСКА ойыншысы бұл мүмкіндікті пайдалана алмады.
Ал ойынның 90+3 минутында алаңға тыңнан шыққан Данила Сикан Покатилов қақпасына гол соғып, Украина құрамасын алға шығарған.
Алайда біздің жігіттер соңына дейін берілмеді. 90+6 минутта Руслан Валиуллин ойындағы екінші голын соғып, таразы басын тағы да теңестірді. Осылайша матч та өз мәресіне жетті. Екі құрамалар еншілеріне бір-бір ұпайдан салды.
Айта кетейік, бұл ойыннан кейін D тобында үш ойыннан кейін Қазақстан құрамасында екі ұпай болды. Біздің құрама төртінші орында. Ал Украина құрамасы төрт ұпаймен екінші орынға жайғасты.
Енді Қазақстан ұлттық құрамасы келесі кездесуін 4 қыркүйек күні сырт алаңда Финляндия құрамасына қарсы өткізсе, Украина құрамасы 5 қыркүйек күні өз алаңында Францияны қабылдайды.
Жарнама