жаңа тег қосуСлайдшоу қарау (пробел)ПаузаАртқаАлғаОрнынан көшіруЖабу (Esc)Толық көлеміне ашуСуретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
"Шахтердің" жартылай қорғаушысы Сергей Скорых Қазақстан премьер-лигасындағы жеті ойында ұш рет өз қақпасына доп салған, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Алғашқы автоголды Скорых "Астанамен" матч (1:2) кезінде салған. Бұл ойын 14-ші тур аясында өту керек болатын, алайда, "Астана Аренадағы" жөндеу жұмыстарына байланысты бесінші тур аясында өткен еді.
Осыдан кейін футболшы "Атыраумен" алтыншы турдағы ойнында (3:3) және өз алаңында "Тобылмен" кешегі, 16 сәуірде өткен ойында (1:1) өз қақпасына гол салды.
"Астана" мен "Атырау" клубтарымен өткен ойында Скорых өз қақпасына салған доптар өзге футболшылар атына жазылғанмен, ресми хаттамаларда Скорых атына жазылды. Скорых голдарды 92, 83 және 45-ші минуттарда салған.
32 жастағы Сергей Скорых ҚПЛ-дің осы маусымындағы алғашқы жеті ойында "Шахтердің" бастапқы құрамында ойнады. Оны екі рет қана өзге ойыншылармен алмастырған. Екі рет те 70-ші минутта.
Қызылжарлық футбол клубының тәрбиеленушісі жергілікті "Есіл-Батыр" (қазір - "ҚызылЖар СК"), "Ертіс", "Тобыл", "Жетісу", "Тараз" бен "Қайсар" құрамында ойнаған. 2011 жылдан бері ел чемпионатының жоғары дивизионында ойнап келеді. 2003 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан құрамасы үшін 28 матч өткізген.