Qazsport қазақстандық клубтардың еурокубоктердегі барлық ойынын көрсетеді

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Qazsport телеарнасы "Қайрат", "Шахтер", "Тобыл" командаларының еурокубоктердегі жауапты кездесулерін тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды KazFootball.kz. 

Қарағандылық "Шахтер" 10 тамыз күні "Астана Арена" стадионында украиналық "Колос" ұжымын қабылдайы. Конференция лигасындағы бұл ойын 21:00-де басталады. 

Ал 12 тамыз күні алматылық "Қайрат" сырт алаңда Еуропа лигасында сырт алаңғда "Алашкерт" командасына қарсы кездесу өткізеді. Ереван қаласында өтетін ойын 21:00-де басталады. 

Ал "Тобыл" болса түзде "Жилина" командасы қарсы матчқа барады. Бұл кездесу 12 тамыз күні 22:45-те басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар