Мадридтік "Реал" әлі де ПСЖ шабуылшы Килиан Мбаппемен келісімге келмеді. Бұл туралы L'Equipe жазды.
Дереккөздің ақпараты бойынша, екі тарап әлі де келіссөз жүргізуде. "Реал" 23 жастағы шабуылшы келесі маусымда өз қатарына ауысатынына сенімді. Бірақ Мбаппенің агенті оған тек испаниялық клуб қана емес, басқа да ұжымдар қызығушылық білдіріп жатқанын айтады.
ПСЖ басшылары болса Килиан нақты шешім қабылдамағанын мәлімдеді. Париждік команда шабуылшыны сақтап қалу үшін барлық әрекетті жасауда.
Айта кетейік, Мбаппе биылғы маусымда 27 кездесуге қатысып, 17 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.