Шымкенттік "Ордабасы" командасына Қазақстан кубогінде техникалық жеңіліс жазылды, деп хабарлайды Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы.
"Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан кубогінің 5-турында "Шахтер" - "Ордабасы" ойынына шымкенттік клубтың сапында Жавланбек Бабаназаров заңсыз қатысқаны үшін Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік бақылау комитетінің шешімімен кездесу нәтижесі жойылды деп хабарлайды. "Ордабасы" футбол клубына 0:3 техникалық есебімен жеңіліс тіркелді", - делінген ҚКФЛ сайты таратқан ақпаратта.
Еске салайық, "Ордабасы" бұл ойында қарсыласынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Сондықтан да техникалық жеңіліс екі командаға да қатты әсер етпейді.