"Ордабасы" футболшысы Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды

Сурет "Ордабасы" сайтынан алынды.

Шымкенттік "Ордабасы" командасының жартылай қорғаушысы Сұлтанбек Астанов Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

Бұған дейін "Ордабасының" жартылай қорғаушысы құраманың қосалқы құрамына іліккен еді. Алайда Қазақстан Кубогінің топтық кезеңі аясындағы кейінгі ойыннан кейін Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов, Сұлтанбек Астановты негізгі құрамға шақыруды ұйғарған.

Қазақстан құрамасы қыркүйекте үш бірдей ойын өткізеді. Тарқатып айтсақ, 1 қыркүйекте өз алаңында Украинаны қабылдайды, 4 қыркүйекте сырт алаңда Финляндиямен ойнайды және 7 қыркүйекте Босния мен Герцеговинаға қонаққа барады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар