Спорттық зерттеулер орталығы (CIES Football Observatory) Еуропа футбол клубтарының орташа жасын анықтады, деп хабарлайды
Vesti.kz тілшісі.
Алғашқы ондыққа италиялық "Кьево" - 32,09, кипрлік АЕК - 31,87, "Неа Саламина" - 30,38, "Аполлон" - 30,10, англиялық "Вест Бромвич Альбион" - 30,03 және грекиялық "Керкира" - 30,03, кипрлік АПОЭЛ - 29,87, белорусьтік "Шахтер" - 29,81, түркиялық "Карабюкспор" - 29,76 және ресейлік "Оренбург" - 29,70 командалары енген.
Айта кетейік, бұл рейтингіге қазақстандық клубтар енген жоқ. Себебі тізімге тек үздік 31 біріншіліктің командалары қосылған. Егер Қазақстан чемпионаты тізімге енгенде, шымкенттік "Ордабасы" төртінші сатыға жайғасар еді.
1. "Ордабасы" - 30,25;
2. "Қайсар" - 28,7;
3. "Ертіс" - 27,8;
4. "Ақжайық" - 27,3;
5. "Атырау" - 26,6;
6. "Оқжетпес" - 26,4;
7. "Тараз" - 26,4;
8. "Қайрат" - 26,3;
9. "Шахтер" - 26,2;
10. "Астана" - 26;
11. "Тобыл" - 26;
12. "Ақтөбе" - 25,9.
Жарнама