Казахстан(футбол)
19 наурыз 2017 18:25
 

Негізгі құрамда өнер көрсетуге дайынмын - Мардан Төлебек

  Пікірлер

blog.share

Негізгі құрамда өнер көрсетуге дайынмын - Мардан Төлебек "Ордабасы" ФК ресми сайтынан

Бүгін Талғар қаласындағы футбол базасында Қазақстан Ұлттық құрамасы Александр Бородюктің қол астындағы алғашқы жаттығу жұмыстарын жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ұлттық құрама сапына шақырту алған футболшылар жаңа бапкерлер құрамымен таныс болып, алдағы Кипр және Армения құрамаларына қарсы өтетін кездесулер алдындағы дайындықтарын бір пысықтап алды. 

Осы тұста, Қазақстан құрамасына шақырту алған шымкенттік "Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы Мардан Төлебек Vesti.kz тілшісі жаңа бапкерлер жайында, жаттығу жұмыстары жөнінде айтып берді.

- Көңіл-күйіміз жақсы. Барлығымыз бүгін жиналдық. Ақтөбе қаласында ел біріншілігінің аясында өткен ойыннан кейін бірден осында ұшып келдік. Жиналыс өтті. Кипрге қарсы кездесу алдында дайындығымызды пысықтап жатырмыз. Бүгін алғашқы жаттығу жұмысымыз болмақ. Жеңіл жаттығулар болады. Алдағы ойындарға дайынбыз деп ойлаймын.

- Александр Бородюктің қол астындағы алғашқы жаттығуларыңыз...

- Әзірге бапкер тарапынан ешқандай тапсырма берілген жоқ. Тек жаңа жаттықтырушылармен таныстыру өтті. Бүгін Бородюк бапкердің алғашқы жаттығу жұмыстары. 

- Ұлттық құрама сапында негізгі құрамнан сізді қашан көре аламыз?

- Құдай қаласа, алдағы ойындарда негізгі құрамда шықсам күшті болар еді.

- Психологиялық, физикалық тұрғыда толықтай дайынсыз ба?

- Негізгі құрамда өнер көрсетуге дайынмын. Жаттығу жұмыстарында жағдайыма қарап, психикалық та, физикалық та тұрғыдан дайындаламын. 

Айта кетейік, 26-жастағы футболшы ағымдағы футбол маусымында ел біріншілігінде 3 кездесуде алаңға шығып, екі мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеді.

blog.share
Бүгін Талғар қаласындағы футбол базасында Қазақстан Ұлттық құрамасы Александр Бородюктің қол астындағы алғашқы жаттығу жұмыстарын жасады, деп хабарлайды
Vesti.kz тілшісі.

Ұлттық құрама сапына шақырту алған футболшылар жаңа бапкерлер құрамымен таныс болып, алдағы Кипр және Армения құрамаларына қарсы өтетін кездесулер алдындағы дайындықтарын бір пысықтап алды. 

Осы тұста, Қазақстан құрамасына шақырту алған шымкенттік "Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы Мардан Төлебек Vesti.kz тілшісі жаңа бапкерлер жайында, жаттығу жұмыстары жөнінде айтып берді.

- Көңіл-күйіміз жақсы. Барлығымыз бүгін жиналдық. Ақтөбе қаласында ел біріншілігінің аясында өткен ойыннан кейін бірден осында ұшып келдік. Жиналыс өтті. Кипрге қарсы кездесу алдында дайындығымызды пысықтап жатырмыз. Бүгін алғашқы жаттығу жұмысымыз болмақ. Жеңіл жаттығулар болады. Алдағы ойындарға дайынбыз деп ойлаймын.

- Александр Бородюктің қол астындағы алғашқы жаттығуларыңыз...

- Әзірге бапкер тарапынан ешқандай тапсырма берілген жоқ. Тек жаңа жаттықтырушылармен таныстыру өтті. Бүгін Бородюк бапкердің алғашқы жаттығу жұмыстары. 

- Ұлттық құрама сапында негізгі құрамнан сізді қашан көре аламыз?

- Құдай қаласа, алдағы ойындарда негізгі құрамда шықсам күшті болар еді.

- Психологиялық, физикалық тұрғыда толықтай дайынсыз ба?

- Негізгі құрамда өнер көрсетуге дайынмын. Жаттығу жұмыстарында жағдайыма қарап, психикалық та, физикалық та тұрғыдан дайындаламын. 

Айта кетейік, 26-жастағы футболшы ағымдағы футбол маусымында ел біріншілігінде 3 кездесуде алаңға шығып, екі мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Жарнама

Живи спортом!