auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Мойындағым келмейді, бірақ Еркебұлан Сейдахмет жұлдыз ауруына шалдықты - Қазақстан құрамасының бапкері

Мойындағым келмейді, бірақ Еркебұлан Сейдахмет жұлдыз ауруына шалдықты - Қазақстан құрамасының бапкері
Еркебұлан Сейдахмет. © Vesti.kz
Футболдан Қазақстанның жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Кузнецов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында шабуылшы Еркебұлан Сейдахметтің Таразда өткен еңбек сіңірген Антон Шох атындағы халықаралық турнирде не себепті басқа команданың атынан шыққанын айтып берді.

Кузнецовтың айтуынша, ойыншының басқа команданың атынан ойнағаны "цирк" болған.

"Сейдахмет құраманың атынан емес, "Монтажниктің" атынан шықты. Менің сауалыма "Тараз" клубындағылар оны құрамаға жібере алмайтындарын айтты. Бұл әрекетті түсіне алмаймын. Ол "Тараз" ойыншысы болса, онда неге турнирге құраманың атынан емеес, "Монтажник" командасының атынан шығады? Бұл - цирк. Бұл Сейдахметсіз команданы әлсіз етіп көрсету үшін жасалып жатыр. Ал біз турнирде жеңіске жетіп, олай емес екенін дәлелдеп бердік", - деді Кузнецов.

- Сейдахметтің өзі не дейді?

- Алты күнде ол алты ойынға қатысты: бесеуі - Шох турнирінде, тағы біреуі - премьер-лигада. Оның денсаулығын ойлап жүрген ешкім жоқ - бұл басты проблема. Сейдахмет ұлттық құрамада болғысы келетінін айтты, алайда "Монтажниктің" иесі және турнирдің ұйымдастырушысы Георгий Зутиди оны өз командасы үшін ойнатты.

- Сонда Еркебұлан амалсыздан осылай жасап отыр ма?

- Ол шарасыз. Бірақ оның "Монтажник" пен құраманың финалындағы әрекеті таңғалдырды. Матч алдында ол ешкіммен сәлемдескен жоқ, ойын кезінде Гранаткин турниріндегі серіктестеріне қарсы қатаң ойнады. Төрешілерге қарата сөз айтумен болды. Мойындағым келмесе де айтайын, жігіт жұлдыз ауруына шалдықты. Мұндай ойыншыға құрамаға жол жоқ. Ойыннан кейін турнирдің үздік ойыншысы атанды, бірақ, меніңше, өзі де мұны лайықсыз марапат екенін біліп отырған шығар.

- Сіз құрамаға жаңа ойыншыларды қостыңыз. Оларға қандай баға бересіз?

- Қызғаншақ адамдардың командамды бүлдіре бастағаны өкінішті. Алайда менің шәкірттерім жақсы өнер көрсетті. Сейдахметтің орнында Лев Скворцов жақсы ойын өрнегін көрсетті. Қосалқы ойыншылардың командамызды бір адамның емес, ұжымның командасы екенін көрсеткеніне қуаныштымын. Біз, жаттықтырушылар штабы тәртіп үшін де жауап береміз - алдағы уақытта осы бағытта жұмыс істейміз. Жігіттер жас, оларды дер кезінде дұрыс бағытқа бұру керек.

- Құрамамыз халықаралық турнирлерге қатысуға тым жас емес пе?

- Келісемін. Алайда бұл сұрақты құрамалар департаментінің директоры Ғани Қайназаров мырзаға жолдаңыз.

- Футбол клубтарының жағдайы қалай? Құрамадағы қалған ойыншылар командаларға жіберіле ме?

- "Астана" ойыншыларды ФИФА мерзімінде жібереді, ал қалған клубтар әрдайым жағдайды түсініп, құраманың игілігі үшін жұмыс істейді. Тек "Тараздың" қарым-қатынасын түсіне алмаймын. Бұл құраманың болашағына және нәтижелеріне оң ықпал бермейді ғой.

Айта кетейік, қаңтарда Сейдахмет Санкт-Петербургте өткен дәстүрлі Гранаткин Мемориалында үздік шабуылшы атанған еді. Қазақстан құрамасының сапында ол екінші орын алды.

17 жастағы Еркебұлан Сейдахметке испаниялық және ресейлік клубтар қызығушылық танытқан, ол тіпті питерлік "Зениттің" сапында оқу-жаттығу жиындарына қатысты.

Қазіргі таңда Сейдахмет "Тараз" сапында ойнап жүр. ҚПЛ-да ол төрт ойынға қатысқан.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 мамыр 2023, 15:29
Қазақстан
©ҚКФЛ ҚКФЛ-ге жаңа басшы келді

Жарнама

Жарнама