Футболдан Қазақстан құрамасы мен мәскеулік ЦСКА командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиов алаңға ұлттық құрамаларға берілген үзілістен кейін қайта оралады, деп хабарлайды Metaratings.ru.
Дереккөздің ақпараты бойынша, Зайнтудинов алдағы үзіліс кезінде басынан алған жарақатынан толық айығып, Ресей біріншілігіндегі "Сочиге" қарсы өтетін 15-турда қайта оралады. Бұл ойын "ВЭБ Арена" стадионында 22-қазанда өтеді.
Осы жарақатына байланысты және дәрігерлердің нұсқаулығынан кейін жартылай қорғаушы Қазақстан құрамасының қатарына да келген жоқ болатын.
Еске салайық, Зайнутдинов "Ростовқа" қарсы өткен ойында жарақат алды. Қазақстандық қорғаушы басынан соққы алып, есінен танып қалды. Содан соң дәрігерлер оны зембілмен алып кеткен болатын. Команданың бас бапкері оны ойынның 10-минутында алмастырды.