Казахстан(футбол)
6 қазан 2021 22:50
 

Қазақстанға қарсы өтетін ойынға Боснияның тағы бірнеше футболшысы қатыса алмайды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанға қарсы өтетін ойынға Боснияның тағы бірнеше футболшысы қатыса алмайды ©nfsbih.ba

Қазақстан құрамасына қарсы кездесуге Босния және Герцеговинаның тағы бірнеше футболшысы қатыса алмайды, деп хабарлайды KazFootball.kz Босния және  Герцеговина футбол одағына сілтеме жасап. 

blog.share

Қазақстан құрамасына қарсы кездесуге Босния және Герцеговинаның тағы бірнеше футболшысы қатыса алмайды, деп хабарлайды KazFootball.kz Босния және  Герцеговина футбол одағына сілтеме жасап. 

"Жарақат алып, құрамаға келе алмаған ойыншылардан бөлек, Ивайло Петев бүгін тағы алты ойыншысыз қалды. Бұл футболшыларға Қазақстанға кіруге виза берілмей қойды. 

Санджин Прчич, Элвис Шарич, Деннис Хадзикадунич, Дарио Джумич, Ади Налич және Юсуф Газибегович және делегацияның тағы бірнеше өкілі виза ала алмады. 

Босния және Герцеговина футбол федерациясы виза алу үшін қолынан келгеннің барлығын жасады. Бірақ виза бәрібір ала алмады. Не үшін екенін біз түсінбедік. Тіпті УЕФА-дан да көмек сұрадық. Бірақ шешілмеді. 

Біз Хорватиядағы, Черногориядағы, Босния және Герцеговинадағы Қазақстан Республикасының елшілігінен оң жауап ала алмадық" - делінген федерация таратқан ақпаратта. 

Еске салайық, Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы кездесу 9 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Ойын 19:00-де басталады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!